Otyrar Alqaby
БілімҚоғам

ҒҰМЫРЫН ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНЕ АРНАҒАН ЖАН ЕДІ

Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеу жо­лы, бүгінгі алған асулары және жет­кен жетістіктері жайлы сөз бол­ғанда, бі­лім саласын өркендетіп, мәде­н­иетті да­мы­туда айрықша еңбек еткен, ұлт­­тық құндылықтарымызды сақ­­тау­да, ру­хани та­залықты, ұлттық сананы қалып­тас­­тыруға жан-тәнімен еңбек еткен адамдар жайлы айту­­ымыз керек. Бұл аға ұрпақ өкілдері өткен ХХ ғасырдың буынын бекітіп, екі жүзжылдықтың арасында көпір болды. Бұл күндері көзі тірі болғанда 102 жасқа толатын асыл анамыз Алтын Дүйсебаева бар саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесі мен біліміне арнаған жан еді.
Алтын апамыздың қазақ халқы­ның  «тар жол, тайғақ кешу» кезеңіне ту­ра кел­ген бала­лық шағына қарап оты­­рып, ашаршылық, қуғын-сүргін жә­не со­ғыс секілді қазақтың басына түс­кен не­­бір нәубет кезеңдерді басынан өт­­кер­­­генін аңғарамыз. Осындай қилы кезеңдерді басынан өткергендіктен болар, Алтын апа қандай биікке шықса да қарапайымдылығын, адам­гершілігін парасаттылығын сақтап, иманды ғұмыр кешті.
Алтын Дүйсебава 1927 жылы Семей облысында дүниеге келген. 1939 жылы Шымкент қаласындағы педагогикалық учи­лишесін бітіріп, алғашқы еңбек жо­лын киелі Отырар өңіріндегі «Ынталы» бастауыш мектебінде мұғалім болып қыз­мет атқарады. Сол жылы ауыл азаматы Әметбек Нысанбековке тұрмысқа шығып, 1940 жылы ерін соғысқа шығарып салды. Адал жарының амандығын тілеп, соғыс аяқталғанша күтумен болады.
Соғыс басталғанда елдегі қартайған кемпір-шалдар мен қыз — келіншектер бар­лық ауыртпалықты бірге көтерді. Алтын Дүйсебава да ауыртпалықты аз көрген жоқ. Қаршадай кезінен колхоздың жұмысына жегілді. Таңның атысынан күннің батысына дейін дамыл көрмеген кездері көп болды.
Соғыс кезінде тылдағы еңбекке ара­­ласа жүріп, «Ынталы» колхозында есепші, балабақша меңгерушісі болып та қызмет ат­қарды.
Жұбайы Әметбек Нысанбеков елге аман-есен оралған соң Жамбыл атын­дағы орта мектепке мұғалім болып ауысады. Осы білім ұясында ұстаздық ете жүріп талапты жас маман жоғары білім алу керектігін түсініп, Шымкент мұғалімдер институына химия және биология факультетіне құжат тапсырып, оны ойдағыдай бітіріп шығады.
Жамбыл атындағы орта мектебінде химия-биология пәнінің мұғалімі болып 40 жылға жуық жемісті қызмет атқарды. «Ауданның үздік пән мұғалімі», Ол Республика оқу министрінің бұйрығы­мен «Қазақ ССР -нің Еңбек сіңірген мұға­лімі», «Білім саласының озық қыз­меткері», «Қазақ ССР-нің Құрмет гра­мотасы», «Лениннің 100 жылдығы», «Ау­данның Құрметті азаматы» сынды атақтары мен медальдарына ие болып, облыстық дәрежедегі дербес зейнеткер атанды. Батыр ана 1992 жылы құрметті еңбек демалысына шықты.
Асыл ана Ал­­тын Дүйсеба­ва 72 жыл ғибратты ғұмыр сүріп, 1995 жылы мәң­гілік қайтпас са­парға аттанды. Жұбайы «Ұлы Отан» соғы­­сы­ның ардагері Әметбек Нысан­бе­ков­­пен бірге 3 бала төрт қызды тәрбиелеп өсі­ріп, олар­дан көптеген немере — шөбере сүйді. Ұл-қыздарының барлығы да жоғары бі­лімді қызметкерлер болып, бүгінде зейнеткерлік демалысқа шыққан.
«Ауылында дана қартың болса, жазы­лып қалған хатпен тең»,- деп кемеңгер халқы­мыз атап айтқандай, өз дәуірінің тірі шежіресі атанған аяулы аналарымыз шын мәнінде баға жетпес қазыналарымыз.
Бәріміздің де өтке­німіз, тереңнен нәр тартқан тамырымыз бар. Өткенді бағалай  отырып ғана  келе­шегімізді бол­­жай аламыз. Ортақ құнды­лықтары­мыз­­ды  бірге іске асыра отырып, біз Ота­­ны­мыздың тәуелсіздігімен тұ­рақты нығайту жолындағы ұлы істерді жалғас­тыра аламыз. Өткенді құрметтесек, ке­леше­­гімізге жарқын жол ашқанымыз.
Иә, ұлағатты ұстаз, Батыр ана, еңбек ардагері Алтын Дүйсебаваның ғибратты өмір жолы артынан ерген шәкірт­тері мен жастар үшін өнеге болып қалатыны сөз­­сіз. Өзінен тараған ұрпақтары бұл күнде әке­­ден алған тәлімін, анадан жиған тәрбиесін өз ұрпақтары бойына сіңіруде. Ұрпақ сабақтастығы деген осы болар.

Азат Әмірбек.

Пікір жазу