Otyrar Alqaby
Білім

ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ

2024-2025 оқу жылында мек­тепішілік жоспарға сай, Т.Ибра­гимов атындағы жалпы бі­­лім беретін мектебінде қараша айы­ның 4-і мен 29-ы аралығында «Орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативті құзыреттілігін жә­не цифрлық технология­ларын да­мыту» тақырыбында «Полиглот» пән бірлестігінің айлығы өт­кізілді.
Бұл айлықтың негізгі мақсаты – оқушылардың цифрлық сауат­тылығын арттыру және олардың коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыру болды. Жоспар­ға сәйкес, айлық іс-шараларды «Полиглот» пән бірлестігінің ұйымдастыру кезеңінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Байзақ Жаңыл апай таныстырып, бекітті. Айлық жоспарға сәйкес бекітілген ай­лықтың алғашқы аптасы 13-17 қараша аралығында орыс тілі мен әдебиеті және шетел тілдерінен пән мұғалімдері ашық сабақтар өткізді. Әр ашық сабақта жасанды интеллекттің бірнеше түрлері ChatGPT, D-ID, Magic School, Magic slides, Virbo AI, Gamma AI қолданылып, Wordwall, Kahoot, Flippity сияқты сабақты қызық­ты өткізуге арналған интернет платформалар мен жаңа әдіс-тәсіл­дер­мен жүйелі түрде өткі­зілді.
18-29 қараша аралығында орыс тілі мен әдебиеті және ше­тел тілдері пәндері бойынша оқу бағ­дарламаларын зерделеу, сыныптан тыс жұмыстар, шығар­машылық қорғау, шеберлік сыныптары, бақылау диктанттары, сергіту сәттері, баяндамалар және тәрбиелік іс-шаралар өткізілді.
Сондай-ақ айлық барысында білікті ұстазымыз орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жақсыкүл Партаева «Искусственный интеллект на уроках русского языка и литературы» шығармашылық жұмысын өте жақсы қорғады. Мұнда әрбір жасанды интелектті сабақта қолданудың ең тиімді әдістерімен бөлісті.
«Жасанды интеллект негі­зін­дегі интернет ресурстар және платформалармен шығар­машы­лық сыни ойлауды дамыту» та­қырыбында шетел тілі пәні мұ­ғалімі Г.Диханбаева шебер сы­­нып сағатын қорғады. Мұнда ұс­таздарымыз Magic school, Magic slide, Virbo, Gamma AI аталған жасанды интеллекттермен қалай жұмыс жасау керектігін шебер түрде көрсете отырып, әріп­тес­термен бөлісті.
Сонымен қатар айлық барысында оқушылар мен мұғалім­дер­ге қызықты сергіту сәті ұйым­дастырылып өткізілді. Шетел тілі пән мұғалімдері М.Сералиева мен Ж.Палымова мұғалімдер ара­сында «Funny time» іс-шара­сын ұйымдастырып, мұғалімдерге ке­ре­мет көңіл күй сыйлады жә­не де мұғалімдер белсене қа­тыс­ты. Сонымен қатар орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Ұ.Сырлыбекова мен Л.Исаберген «Литературное кафе» сергіту сә­тін аралық сынып оқушыларымен ұйымдастырып, орыс тіліне деген қызығушылықтарын оята білді. Жас талантты ұстаздарымыздың бірі Ғ.Әшірханова 4 «б» сынып оқушыларымен «Be better» тақы­рыбында керемет іс-шара өтіп, оқушылардың ағылшын тіліне де­ген қызығушылығын арттыра отырып, керемет көрініс қо­йы­лымдар мен ән-күй орындатып оқушылардың белсенділігін арттыра білді. Қараша айының 26-ы күні «Бастауыш сынып оқушыларының бастапқы сөйлеу дағ­дыларын қалыптастыруға ба­­ғытталған зерделеуде, имп­ли­циттік оқыту принципін пайдалану» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Ж.Партаева мен М.Байдаулетова оқушылардың ой қиялын дамытып, дүниетанымын кеңейтетін құнды баяндама оқыды.
«Білім берудің барлық дең­гейінің мемлекеттік жалпыға бір­дей міндеттемелері» тақыры­бында бірлестік жетек­шіміз орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Ыс­қақова шеберлік сыныбын өткізді. Атал­ған тақырып бойын­ша жас ұстаздарға көмекші ретінде оқу бағ­­дарламасының бұйрықтары­­мен таныстырды. Оқыту процесін­­де белсенді әдіс-тәсілдер мен технологияларды қолданды.
«Полиглот» пән бірлестігінің жабылу салтанаты 2-11 сынып оқушыларының қатысуымен сал­танатты жағдайда өткізілді. Кеш барысында 9 «ә» оқушысы Нұрлан Ердос орыс тілінде «Прекрасное далеко» әнін шырқаса 4 «б» сынып оқушысы Талғат Сая ағылшын тілінде «Hello», 4 «а» сынып оқушысы Әдеш Аяла ағыл­шын тілінде «Bingo», 4 «а» оқу­шысы Әшірхан Аида «Rain, rain go away», 9 «а» сынып оқушылары Жайыл Ботагөз бен Сайынбек Ая­ла «Unstoppable» әндерін жанды дауыста шырқап ерекше қошемет­ке бөленді. Орыс тілінде 4 «ә» сы­нып оқушы­лары «Колобок», шетел тілін­де «Red shoes» ертегі­лері керемет сахналық көрінісі тамаша­ланып, орыс тілінде 6 «ә» сынып оқу­шы­лары «День рождения Маши» атты мюзикл сахналанды. Сонымен қатар аралық сынып оқушылары қазақ, орыс, ағыл­шын тілдерінде өлең оқылып, оқушыларға викториналық сұ­рақтар қойылды. 4 «б» сынып оқушылары «Dreamers», 5 сынып оқушылары «Waka, waka» би билеп өз өнерлерін ортаға салды. Кеш соңында мектеп директоры Тынышкүл Мұратқызы қорытындылап, өнер көрсеткен барша оқушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Айлықтың қорытындысы барысында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жаңыл Байзақ «Полиглот» пән бірлестігі аясында ұйымдастырылған ашық сабақтар мен іс-шаралардың ма­ңыздылығын ерекше атап өтті. Ол барлық іс-шаралардың жүйелі түрде жоспарланып, нәтижелі түр­де жүзеге асырылғанын, оқу­шы­лар мен мұғалімдердің бел­сенді қатысуын жоғары бағалады.
Әр ұстаз цифрландыру мен жа­санды интеллект технологияларын білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқыту үдерісін жетілдіру­ді маңызды деп санайды. Мұндай тәсілдер оқушылардың таным­дық қабілеттерін, шығармашы­лық ойлауын және коммуникатив­ті дағдыларын дамытудың тиімді жолы болып табылады. Жалпы, «Полиглот» пән бірлестігінің айлығы – заманауи білім беру жүйесінің талаптарына сай өт­кізілген тың жоба болды. Бұл ай­лық мектеп ұжымына жаңа тех­но­логияларды тиімді қолдану арқылы білім беру сапасын арт­тыруға, оқушылардың жан-жақты дамуына зор мүмкіндік берді. Осы игі бастама білім беру үдерісі­нің маңызды құрамдас бөлігі ретінде одан әрі жалғасын табады деп сенеміз.

Ұлбала Батыралы,
Т.Ибрагимов атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ шетел тілі пәні мұғалімі.

Пікір жазу