Otyrar Alqaby
ДенсаулықҚоғам

Ақ халатты абзал жандарға мың алғыс

Бұл жалған дүниеде бауырдың жөні бөлек қой. Біз он ағайынды едік – бес ұл, бес қыз. Өкінішке қарай, соңғы жыл­да­­ры ауыр сынақтарды бастан өткердік. Осы­дан 8-9 жыл бұрын үлкен ағам Шымыр инсульт алып, қатты қиналған едік. Кезінде ауданымыздың спорт сала­­сының өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қос­қан, атына заты сай ағамыз төзім­­ділігі мен табандылығының арқасында бұл қиындыққа мойымады. Толықтай сауы­ғып кетпесе де, қайсарлығы мен намыс­қойлығының арқасында өздігінен қоз­­ғалып, далаға өзі шығатындай жағдай­­ға жетті. Оның бұл жеңісі біз үшін үлкен қуа­­ныш болды, Аллаға шүкіршілік айт­тық. Әрине, бұл жерде бірінші Алла­ның, екін­­ші білікті дәрігерлердің қажыр­лы еңбе­гінің нәтижесінде ағам қатарға қосылды.
Кейде біз дәрігерлерді оңды-солды сынға аламыз, олардың жұмысына көңі­­лі­­­міз толмай, түрлі пікір айтамыз. Бірақ, басымызға іс түссе, дәл сол ақ халат­­­ты абзал жандардың алдына барып, жаны­­мызға шипа іздейміз. Себебі, біз үшін сенер, сүйенер жалғыз жан – дәрігерлер.
«Қырсық қырық ағайынды» деген рас екен. Шымыр ағамыдың беті бері қарап, есімізді енді жидық па?- дегенде, өткен жылы күтпеген жерден Шыныбек ағамыз да инсульт алып, миындағы тамыры жарылып, өмір мен өлімнің арасында жатты. Сол сәтте біз­дің бар үмітіміз дәрігерлерде еді. Оның өмірі қыл үстінде тұрды. Дәрігерлер жанталаса әрекет жасап жатты. Мен олардың әрбір қозғалы­сын бақылап тұрдым. Бірі дәрі даяр­ласа, бірі оттегі аппаратына қосып жатыр. Қанша жылдық тәжірибесі болса да әрбір науқастың тағдыры олар үшін – үлкен жауапкершілік.
Өмір мен өлімнің арасында бір сәт­тік айырмашылық бар. Бірі өмір үшін күрессе, бірі тағдырға мойынсұнады. Ал, осы екі арада жанкешті күрес жүргізетін сөзсіз ақ халат киген абзал жандар.
Олар уақытпен санаспайды. Олар өз өмірін өзгенің өмірін сақтап қалу үшін арнайды. Сол бір ауыр сәттерде мен дәрігерлердің жай ғана кәсіп иесі емес, шын мәнінде адам жанының сақшысы екенін түсіндім.
Шүкір, аудандық аурухананың жан­­­сақ­тау бөлімінің меңгерушісі Файзулла Серікбайұлы, анестезиолог-реани­­ма­то­­лог Абай Дүйсенбиевтер аға­мызды бір ажалдан араша­лап қалу үшін аян­­бай еңбек етті. Облыс­тан білік­ті маман­дар шақыртып, қажетті бар­лық шараларды уақытылы жүргізді. Дәл осы дәрігерлер­дің өз маман­дықтарына деген адалдығы, адам өміріне деген жанашырлығы аға­мызға екінші өмір сыйлады. Ерекше айта кететін бір мәселе, мұндай күрделі ота аудандық ауруханада бірінші рет жасалды және оның сәтті жасалуы сөз жоқ, дәрігерлердің шеберлігі. Қазіргі таңда ота жасалған Шыны­бектің бір жыл ішінде өз аяғымен жүріп-тұруы — оның ерік-жігерінің, ең басты­­сы дәрі­гер­лер­дің еңбегінің жемісі деп білемін. Толық айығып кету үшін уақыт пен шыдам­­дылық қажет. Бірақ, осындай жетіс­­тікке жеткеннен кейін бізге бәрі мүмкін сияқты көрінеді. Дәрігерлердің жұмысы — тек науқасты емдеумен шектелмейді.
Олар ауыр халдегі науқастың қасын­да отырып, оған рухани демеу береді. Жақын­­­­­­дарына үміт ұялатады. Бірнеше сағат­қа созылған оталар, ұйқысыз түн­дер, шексіз жауапкершілік – мұның бәрі дәрігерлік мамандықтың жүгі.
Бұл мамандыққа әркім келе бермейді. Себебі, бұл — жүрек қалауымен ғана таң­далатын жол. Адам жанына араша түсе­тін, кішкентай баланың өмірін сақтап қалу үшін жанын салып жұмыс істейтін жандарды қалай құрметтесек те жарасады.
Дәрігер болу — тек антына адалдық емес, ең алдымен жүрек қалауымен ат­қарылатын қасиетті қызмет. Ақ халат­­ты абзал жандар күн-түн демей адам өмірін сақтауға күш салып, өз еңбегі­мен үміт отын жағатыны сөзсіз.
Бүгінде медицина ғылымы дамып, емдеудің түрлі әдістері жетілдірілуде. Бірақ, қандай заманауи құрал-жабдық болса да, дәрігердің жүрегі мен мейірімі науқасқа — басты шипа. Олар науқастың беті бері қараса ғана тынышталады.
Жасыратыны жоқ, кейде дәрігерлер­дің еңбегі еленбей жатады. Бірақ, олар мадақ күтпейді. Олар үшін ең үлкен марапат — нау­қастың жазылып, үйіне оралуы. Дәрігер — жай ғана мамандық емес, бұл — өмірге деген адалдықтың белгісі.
Мен ағаларымның өмірін сақтап қал­­ған дәрігерлерге басымды иемін. Олар­дың еңбегі — ерлік, олардың әрбір ісі — құрметке лайық. Ақ халатты абзал жан­­дар, сіздерге отбасымыздың атынан және өз атымнан аудандық ауруханның мең­­геру­шісі Файзуллаға, осы ме­­­­ке­­­­­­ме­­нің анестезиолог-реаниматологі Абай­­­­­­­­ға және ағам ауруханада жатқанда ем-шарала­рын жүргізген білікті дәрі­­­­­­­­­гер­­­­лер Бағдат пен Әскербекке, сондай-ақ өз істерінің шеберлері Раушан, Әшір­­күл бастаған мейірбикелерге шек­сіз алғысымызды білдіреміз! Сіз­­дердің қажырлы еңбек­теріңіз бен өз мамандықтарыңызға деген адалдықтарыңыз мыңдаған жанға өмір сыйлап, мыңдаған шаңырақты шаттыққа бөлеуде. Қиын да жауапты қызметтері­ңізге басым­ды ие отырып, жұмыстары­­ңызға толағай табыс, өздеріңізге зор денсаулық, отбасы­ларыңыз­­ға амандық тілеймін!

Мейрамбек Қашқынов,
аудандық №2-балалар мен жасөс­­пірім­дер спорт мектебінің директоры.

Пікір жазу