Жобаның негізгі мақсаты Шәуілдір ауылында мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді білім мен дағдылардың жетіспеушілігі проблемасын шешу болатын.
Жоба шеңберінде «Sapsan» білім беру орталығында компьютерлік сауаттылықты арттыру – Microsoft Office бойынша жұмыс, «DamuBala» бағдарламасы, мүгедектігі бар адамдарға арналған ипотекалық бағдарламалар, 910/250 салық нысандарын толтыру және тапсыру сияқты тақырыптар бойынша мүгедектігі бар адамдарды оқытуға арналған топ ашылды. Осы топтағы оқыту мақсаты аудиторияның қажеттіліктеріне жауап беретін тегін білім беру қызметтерін ұсынуға бағытталған болатын.
Жоба мүгедектігі бар адамдардың академиялық және когнитивтік дағдыларын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар олардың жалпы әл-ауқатына да, болашағына да оң әсер ететін әлеуметтік интеграцияға ықпал етеді.
Жоба басқа ауылдық жерлерге үлгі болады. Өйткені, осындай бастамаларды көтермелеу және бүкіл аймақ бойынша мамандандырылған білімге қолжетімділікті кеңейту арқылы біз инклюзивті қоғамды сенімді түрде құрамыз.Жобаны Айгерім Жабатаеваның бастамашыл тобы жүзеге асыруда.
«Корган-М» Қоғамдық бірлестігі.