Қазақстан Президенті өз Жолдауында 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Бұл шешім жұмысшы кәсіптердің беделін арттыру, оларды жастар арасында танымал ету және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту мақсатында қабылданғаны белгілі.
Осы мақсатта бүгін Отырар аудандық Мансап орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Іс-шара «Жұмысшы мамандықтар жылына» байланысты және «Ұлттық жоба» шеңберінде ұйымдастырылды.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов қатысып, жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету маңызды міндет екенін атап өтті.
Іс-шара барысында жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілерге арналған бағдарламалардың тиімділігін арттыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат беріліп, жәрмеңкеге қатысушы азаматтарды бос жұмыс орындарына орналасуға шақырды. Нәтижесінде еңбек нарығының сұранысына сәйкес 25 мекемеге 55 азамат тұрақты және уақытша жұмыстарға жолданды. Оның ішінде жастар практикасы — 3 азамат, тұрақты жұмыс орнына — 7 азамат, әлеуметтік жұмыс орындарына — 11 азамат, қоғамдық жұмыс орындарына — 34 азамат жолданды.
Мұндай жәрмеңкелер жұмыс іздеушілерге өндірістік кәсіпорындар, қызмет көрсету компаниялары және білім беру мекемелері сияқты түрлі ұйымдардың өкілдерімен тікелей байланыс орнатуға ықпал жасап келеді. Жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Отырар ақпарат