Otyrar Alqaby
OTYRAR - 90БілімЖаңалықтарҚоғамСаясатЭкономика

МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫНА СЕРПІН БЕРЕТІН СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

Ау­данымызда «Мақта дақы­лын жаңа технологиямен егудің тиімділігі» тақырыбында об­лыс­­тық семинар-кеңес өтті.
Облыс әкімдігі мен облыстық про­куратураның, Ауыл шаруа­шылығы басқармасы мен Оты­­рар, Арыс әкім­діктерінің, «Түркістан» ӘКК-нің ұйым­дастыруымен өткен семи­нар­дың мақсаты – салада заманауи агро­технологияларды енгізу арқылы өнім­ділікті арттыру, шаруаларға су үнем­деуді үй­рету, тыңайтқыштарды тиім­ді пайдалануды түсіндіру, мақ­та өндірісінің бәсекеге қабі­леттілігін арт­­тыру және оны халықаралық та­­­­лап­­тарға бей­ім­деу жолдарын тал­қылау.
Бағдарлама аясында қаты­сушылар «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС аумағында егілген мақта ал­­­­­қа­­бымен танысты. Ауыл шаруа­­шылығы дақылдарына қажет тұқым, көшет, орга­ни­калық және мине­ралды тың­­айтқыштар, биоагенттер, агро­­­дрондар, гербицидтер мен пес­­­­тицидтер сатушылардың көр­­­месі ұйым­­дастырылды.
Түркістан облысының әкімі Нұрал­хан Көшеров қатысып, семинар-ке­ңесті ашып берді.
– Халықтың әл-ауқаты­ның жоғары болуы – агро­өнер­кәсіп­­­тік кешенінің да­муы­мен ты­ғыз байланысты. Бұл ретте су үнемдеу технологияларын енгізу маңызды. Мемлекет басшысы аграрлық салаға ерек­ше көңіл бөліп, инно­вациялық амал-тәсілдерді ен­­­гізуді тапсырды. Облыста ауыл шаруа­шылығында жыл сайын 1 трлн теңгеден астам қар­­жының өнімі өн­дірі­ліп, республикада жетекші орын­да. Өңірде 90мыңға жуық агро­құрылым жұмыс істейді. Бұл рес­публикалық көр­сет­кіштің 31 пайызын құрайды. Осы орайда, 1 млн ауыл тұр­ғынының әлеуметтік жағ­дайы ауыл шаруашылығына тіке­лей қа­тысты. Қазіргі таңда әлем­­дік мә­селелердің бірі – су тапшылығы. Өңір­де су үнем­­­деу технологияларына ке­­­шен­­ді көшу арқылы мәсе­лені ше­шу қарқын алған. Биыл 27 мың гектарға су үнем­­деу технологияларын енгізу жос­парланып, биыл 59 мың гектар алқапқа енгізіледі. 2030 жылға дейін осы әдіспен суармалы жердің 50 пайызы қамтылады. Қолжетімділікті арттыру үшін жылдық қуаттылығы ­ 113 мың гектарды қамтитын жергілік­ті 4 кәсіпорын іске қосылды. Нәтижесінде мақта дақылынан дәстүрлі әдіспен орташа гек­тарына 25 центнерден өнім алынса, жаңа технология есе­бі­нен өнімділік 3 есеге дейін не­месе гектарына 60 центнерден өнім алуға қол жеткізіліп отыр. Жұмыстар жалғасады. Агроқұрылымдарды жан-жақ­ты қолдауға және мәсе­лелерді бірлесе шешуге әзірміз. Бүгінгі семи­нар шаруаларға серпіліс пен мол мағлұматтар береді деп сенеміз, – деді Нұралхан Оралбайұлы.
Жиынға ғалымдар, құқық қорғау органдары өкілдері, ға­лымдар, жауап­ты басқар­ма­лар мен бөлімдердің бас­шылары, аудан, қала және ауылдық округтері әкімдері, агро­­­­құрылым же­текшілері, кә­­сіп­­­­керлер, мақта өсіру­­мен ай­на­­лысатын шаруа қожа­лықтарының иелері арнайы ша­қырылды. Семинар-кеңеске облыс әкімінің орынбасары Нұр­бол Тұраш­беков модера­торлық етіп жүргізді. Семинар-кеңесте спикерлер тақырып аясында бірқатар бағыттарға тоқ­­талып, ой-пікірлерін ортаға салды.Түркістан облысының про­ку­роры Мұрат Тлеубердиев «Мемлекет бас­шысының ин­вестицияларды қор­ғауды қам­тамасыз ету бойынша берілген тапсырмасының орын­далу ба­ры­­сы», «Түркістан мақта агро­­­­нөнеркәсіп кешені» ЖШС Бас директоры Янь Цивэнь «Түр­кістан облысындағы жо­ғары санатты мақта егу база­сын салу және пайдалану жолдары», «Мақта және бақ­­ша ауыл шаруашылығы тә­жірибе станциясы» ЖШСбас­­шысы Амандық Қостақов «Бәсе­кеге қабілетті отандық мақта сортын өсіру», «Таймас 2024» ЖШС басшысы Болат Құрақбаев «Оты­рар ауда­нында мақта дақылын егу­дегі іс жүзінде тәжірибесімен бөлісу», «БНК АГРО» ЖШС ди­ректоры Ниязәлі Бейсенбаев «Су үнемдеу технологияларын ендірудің тиімділіктері» тақы­рыбында сөз қозғады.
Айта кетейік, бүгінде аймақта «BNK Group LTD» ЖШС-нің жылына 1000 дана (50 мың га) жаңбырлатып суғару ма­шиналарын шығаратын зауы­ты және «14,0 мың га там­­шылатып суғару өндірісі» кәсіпорны, жылына 9,0 мың га тамшылатып суғару жүйесін шығаратын «Тұран су» ШЖҚ МКК-нің кәсіпорны, жылына 40 000 га тамшылатып суғару желісін өндіретін «XINJANG IRRIGATION» компаниясының кәсіпорны жұмыс істеп тұр.
Түркістан облысында 2025-2026 жылдары толық циклді мақта-тоқыма кластерін құру көз­дел­ген. Қазақстанда теңдесі жоқ ин­вестициялық ірі жоба негізінде 4 мақта өңдеу мен толыққанды тоқыма кешені жүзеге асырылады. Атап айт­қан­да, егіс алқабынан бастап иіру өндірісі, мата шығару мен бояу, өңдеу және дайын өнімге дейінгі барлық кезеңді қам­тиды. 30 000 гектардан астам алқапта заманауи су үнем­деу технологиялары ен­гізіліп, ақта өсіріліп жа­тыр. Жер­гілікті тұрғындар жұ­мыспен қамтылған.

“Отырар-ақпарат”.

Пікір жазу