Otyrar Alqaby
Жаңалықтар

ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҚСАРЫП КЕЛЕДІ

Түркістан облысының әкімі Нұрал­хан Көшеров Отырар ауданының тұр­ғындарымен кездесті. Көшпелі кездесуге келген тұрғындар бірқатар өзек­ті мәселені көтерді. Өңір бас­шысы халықтың қойған сұрақтары мен ұсыныс-пікірлеріне жауап беріп, талап-тілегі мен өтініштерін тың­дады. Ауданды дамыту бағытындағы жұмыстар тұрақты жалғасатынын, бұл істе жергілікті әкімдік пен тұр­ғындар да белсенділік танытуы керек екенін жеткізді. Отырар – өзі­нің бай тарихымен, көне тарт­пас құндылықтарымен, даңқты пер­­­зент­терімен әлем назарын өзіне ау­­дарып, ұлттың рухани алтын қазы­ғына айналған аудан. Ауданда алға қойған жобалар мен жоспарлы жұмыс­тар нәтижелі түрде жүзеге асып келеді. Бүгін өзекті мәселелерді тал­қылау үшін арнайы келіп тұрмын
Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жергілікті әкімдіктерге ел экономикасының әлеуетін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Осы міндеттерді орындау бағытында Отырар ауданында был­тыр «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 8 елді мекенде құны 1,4 млрд. теңгені құрайтын 9 жоба іске асырылды. Нәтижесінде Ақтөбе жә­не М.Шойманов елді мекендерінде 150 орындық мәдениет үйлерінің құрылысы, 6 елді мекенде 16 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүр­гізілді. Шәуілдір ауылындағы жа­ңа ықшам ауданы табиғи газға қосылды. «Ауылдық денсаулық сақ­тауды жаңғырту» жобасы аясында Аққұм елді мекенінде дәрігерлік амбу­латория және Шытты елді меке­нінде фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді. Сонымен қатар «Ауыл аманаты» бағдарламасы бо­йынша өткен жылы 85 млн.теңгеге 13 жоба қаржыландырылып, биыл 670 млн. теңгеге 132 жобаны қар­жыландыру жоспарланып отыр. «Ди­пломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2024 жылы 19 маманға 7 млн. теңгеге бірреттік жәрдемақы, 4 маманға 31,4 млн. теңге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие берілді. «Жай­лы мектеп» пилоттық жобасы аясын­да Шәуілдір ауылындағы 600 орындық мектеп пайдалануға беріл­­ді, – деді облыс әкімі Нұралхан Кө­­шеров. Биыл аудандағы 8 елді мекеннің 23 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қыркүйек айы­н­­да ел игілігіне беріледі деп көз­делген. Ал 2 елді мекенде ауыз су құрылысы жүргізіліп, биылғы жы­лы пайдалануға берілмек. Ш.Қал­­даяқов ауылындағы жабық спорт кеше­нінің құрылысы 2025 жылдың қа­зан айында пайдалануға беріледі. Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы ау­данының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстары мен биыл­ғы жылғы жоспары туралы баян­­дама жасады. Облыс әкімінің оты­рарлық тұрғындармен кездесуі же­­­ке қабылдауға ұласты. Өңір бас­шысының жеке қабылдауында да тұр­ғындардың өтініштері тыңдалды. Өті­ніштер хаттамаға енгізіліп, бақылауға алынды.

“Отырар-ақпарат”.


Пікір жазу