Otyrar Alqaby
OTYRAR - 90БілімДенсаулықЖаңалықтарКәсіпҚоғамҚұттықтауМәдениетСаясатСпортЭкономика

ОТЫРАРДЫҢ ӨРЛЕУ ЖЫЛЫ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЕРПІН ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРУ   (Отырар ауданының әкімі  Қайрат Жолдыбайұлының 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы есепті баяндамасы)

2025 жыл Отырар ауданының шежіресінде алтын әріптермен жазылатын айтулы кезең болды. Бұл жыл – Отырардың 90 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп, ауданымыздың әлеуетін әлемге танытуға, ішкі мүмкіндіктерімізді жұмылдыруға жол ашты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы басымдықтарды негізге ала отырып, біз өткен жылды жоғары көрсеткіштермен қорытындылап отырмыз.

2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысымен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша баяндап өтсем. Жалпы Отырар ауданында өңірлік өнім көлемі 2025 жылдың 12 айдың қорытындысымен 158,6 млрд.теңгеге жетіп, 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім 182,5 пайызға артқан. Жалпы өңірлік өнімнің 38,5% өнеркәсіп, 44,5% ауыл шаруашылығы, 3,1% сауда және 13,9% құрылыс салаларына тиесілі. Ал, жан басына шаққандағы ішкі өнім көлемі 12 айда 3 175 мың теңгені құрап, өсім 86,7 пайызға жетті. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 61,2 млрд.теңгеге нақты көлем индексі 115,5 пайызды құрады. Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 27,6 млрд. теңгеге немесе нақты көлем индексі 131,3 пайызды құраса, 2025 жылдың 12 айында негізгі капиталға 50,1 млрд.теңге инвестиция тартылып, нақты көлем индексі 117,5 пайызға өсті.

Инвестициялық әлеуетті көтеру мақсатында, Қарғалы ауыл округі аумағынан 85 гектар жерді құрайтын индустриялды аймақ құрылды. Бүгінгі таңда 1 зауыт құрылысы (мақта өңдеу) аяқталып, құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Ауыл шаруашылық саласында өндірілген өнімнің көлемі 70,5 млрд.теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 151,3% құрады. Оның ішінде мал шаруашылығы 15,4 млрд. теңге және өсімдік шаруашылығы 54,8 млрд. теңгені құрап отыр. Ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция көлемі жыл қорытындысымен 17,1 млрд.теңгені құрап, 181,1 пайызға артық орындалды. Тамақ өнімдеріне тартылған инвестиция көлемі 551,3 млн.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,0 пайызға орындалды. 2025 жылға 64 техника алу жоспарланып, 105 техника  сатып алынды.

Су үнемдеу технологиясын енгізу бойынша 2025 жылы 11 603 гектар жоспарланып, 28 180 гектарға жеткізілді. Туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 12 айда 700,0 млн.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 205,9 пайызға орындалды.

Туризм саласында 2025 жылдың 12 айында ауданға – 262 509 турист келген, оның ішінде 13 862 азамат шетелдік туристер.

2025 жылы жеке кәсіпкер ЖК «Нұрыш А» сыйымдылығы 100 орындық қонақ үй құрылысын жүргізуде, нысан құрылысы 2026 жылы аяқталады деп күтілуде.

Сонымен қатар, Отырар төбе қалашығы маңынан ауданның туристік әлеуетін арттыру мақсатында «PANA ASIA» ЖШС қонақ үй, монша, тамақтану және тарихи көрме жайы құрылысын салу жоспарлануда.

2025 жылдың 12 айында өзіндік кірістер 4,1 млрд.теңгеге жоспарланып, нақты 5,0 млрд.теңгеге салықтық түсім түсті немесе 122 % — ға орындалды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі жыл қорытындысымен 22,0 млрд.теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 111,3 пайызға артса, тұрғын үйлерді іске қосу 26 905 шаршы метр болып, нақты көлем индексі 105,2  пайызға артты

Ш.Қалдаяқов ауылындағы шағын футболға арналған жабық спорт залының құрылысы 2024 жылы басталып, 2025 жылы 1 қазанда пайдалануға берілді.

Аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында инфрақұрылым саласында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында «2025 жылы Қазақстан халқын 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз ету» тапсырылған.

Жолдауға сәйкес, Отырар ауданында қарқынды жұмыстар атқарылып, Сырдария, Ақкөл елді мекендерінің ауыз су жүйесінің құрылысы жүргізілді. Нәтижесінде Отырар ауданында 37 елді мекен 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтылды.

Аудан көлеміндегі 4 елді мекенге (Маяқұм, Балтакөл, Аққұм, Жаңа Шілік) ауыз су жүйелеріне қайта құру жұмыстарын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіп, 2025 жылы Балтакөл елді мекенінің ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ,  Аққұм елді мекеніне ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстары басталды. Нысан 2026 жылға өтпелі.

2025 жылы Қостерек, Жаңа Шілік, Көлқұдық, Шеңгелді, Қарақоңыр, Отырабад, Ақтөбе, Ескі Шілік, Қостүйін, Ш.Қалдаяқов, Маяқұм елді мекендеріне, жалпы 11 елді мекенге ауыз су жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудан көлеміндегі автомобиль жолдардың жалпы ұзындығы – 863,3 шақырымды құрайды.

2025 жылы «Ауыл–Ел бесігі» жобасы аясында  20,6 шақырымды құрайтын 25 көшеге,  жергілікті бюджеттен 26,8 шақырымды құрайтын 26 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ел игілігіне пайдалануға берілді.

Аудандық маңызы бар 8,8 шақырымды құрайтын Ақтөбе-Ескі Шілік КХОР-11 автомобиль жолын орта жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен тиісті қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары басталды. Нысан 2026 жылға өтпелі.

2025 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 8 елді мекенде (Ш.Қалдаяқов, Бестораңғыл, Шәуілдір-2, Қоғам, Қарғалы, Шойманов, Темір, Самырат) балалар ойын алаңшасы, 3 елді мекенде (Қоғам, Шәуілдір, Шеңгелді) спорттық ойын алаңшалары салынды, Отырар ауданына кіре беріс «Шығыс қақпа», Балтакөл ауылындағы Тәукебай көшесін, Шәуілдір, Қоғам ауылдарын абаттандыру жұмыстары жүзеге асырылды.

Елді мекендерді жарықтандыру бойынша аудандық бюджет есебінен 5 елді мекеннің 7 көшесіне жарықтандыру жүргізілді.

Ауданда 41 мектепте (40 мемлекеттік, 1 жекеменшік бастауыш мектеп) 11 955 оқушы білім алуда, (мұғалім саны  – 2 318 адам). Мектеп бітірушілердің 794 оқушы ҰБТ тапсырған.

Аудан көлемінде 3 ауысымдағы, апаттық жағдайдағы мектептер жоқ. 2025 жылға 7 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жобалық — сметалық құжаттама әзірленіп, облыстық білім басқармасына ұсынылып, «Білім беру мекемелерін жаңғырту» бағдарламасы негізінде 6 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2024 жылы Шәуілдір ауылында 600 орындық мектеп құрылысы пайдалануға қабылданып, толық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. №1 «Жайлы мектеп» бірінші оқу жылын 440 баламен сапалы аяқтаса, 2024-2025 жылы 545 оқушымен оқу жылын бастады.

Ауданда 36 медициналық мекеме қызмет көрсетуде. Медициналық жабдықтау көрсеткіші 85.54 пайызды құрап отыр. 2025 жылдың 12 айында туылған нәрестелер көрсеткіші 802 құрады.

Аудан көлемінде 45 мәдениет нысандарында 2025 жылы    1026 іс-шара өтіп аудан өнерпаздары республикалық, облыстық байқаулардан 2 (бас жүлде), 2 (I-орын), 1 (II-орын),1 (III-орын) жүлделі орындарды иеленді.

Жыл басында аудан көлемінде өтетін мерекелік іс-шараларды Отырар ауданының 90 жылдығы аясында өткізу мақсатында жоспар бекітіліп, жыл бойы Отырардың тарихы кеңінен насихатталды. Ауданының 90 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтіп, ғылыми-танымдық конференция, ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің «Алтын күз» мерекесі, елімізге белгілі эстрада жұлдыздарының гала-концерті ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, халық ақыны Ә.Қалыбекова мен сатирик К.Әмірбектің туғанына 75 жыл толуына орай республикалық ақындар айтысы өтті.

2025 жылы Ш.Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толуына орай облыстық бюджеттен Шәмші Қалдаяқов мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бұқаралық спортпен шұғылданушылардың саны 22 мың адамға жетіп, аудан халқының 42,7 пайызын құрады.

«ЕҢБЕК НАРЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ 2024-2029 ЖЫЛДАРҒА» арналған тұжырымдамасы аясында 2025 жылы 4 571 жұмыс орыны жоспарланса, 12 айда
4 932 жұмыс орыны ашылды немесе 108,5% құрады.

Жалпы аудан халқының экономикалық белсендісі 22 882 адам болса, жұмыспен қамтылғандары 21 770 адам. Оның ішінде өзін-өзі қамтығандар 7315 адамды құрады.

2025 жылы аз қамтамасыз етілген 111 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

Мемлекет басшысының жыл сайын «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» тапсырмасына сәйкес, ауданда 650 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, жыл соңына    939 адам жаңа жұмыс орындарымен қамтылды 144,5 пайызға орындалды. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыз 146 азаматты жолдау жоспарланып, 12 айда 146 азамат жолданса, Жастар         практикасына         оқу орнын бітірген жұмыссыз 301 азаматты жолдау жоспарланып, 304 азаматжолданды.

Қоғамдық жұмыстарға 2025 жылы елді мекендерде абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында жұмыссыз 659 азаматты жолдау жоспарланып,12 айда 661 азамат жолданды (100,3%).

«Белсенді ұзақ өмір» мемлекеттік мекемесі 2025 жылдың 12 айында 850 зейнеткерге күндізгі мезгілде сауықтыру шараларымен қызметтер көрсетілді..

 «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жыл басынан бері жалпы 69 санитарлық-тазалық сенбіліктер өткізілді.

Тазалық жұмыстары тұрақты бақылауға алынып, адамдар көп шоғырланатын туристік аймақ «Арыстан баба» кесенесі және «Отырар төбе» қалашығы аумағында тұрақты түрде сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып жүргізілді.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында елді мекендердің тазалығын қамтамасызету үшін 10 дана — МТЗ-920 маркалы трактор, 10 дана тіркеме, 2 автотиегіш (ЛК погрузчик), 1 бірлік эксковатор-тиегіш, 2 дана — муравейник, 1 дана экскаватор-тиегіш арнайы техникалары сатып алынды.

Қоғамдық қауіпсіздік саласы бойынша аудан аумағында жыл қорытындысымен 74 қылмыс тіркелген. Қылмыстардың ашылуы 94,4 пайызды құрап, өткен жылмен салыстырғанда ашылу пайызы артқан. 2025 жылдың 12 айының қорытындысымен аудан аумағында 52 жол көлік оқиғалары орын алған, 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28 жол көлік оқиғасына немесе 116,6 пайызға артқан.

 


 Қ.Жолдыбай.

Отырар ауданының әкімі.

Пікір жазу