Otyrar Alqaby
ӘлемЖаңалықтар

Тоқаев Палестина президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Тоқаев Палестина президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы 15 қарашада Палестина президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббас пен оның отандастарын Палестинаның төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Президент екі ел арасындағы қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін дами беретініне сенім білдірді.

Бұған дейін  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумына қатысқаны хабарланған. Форум барысында президент агроөнеркәсіп саласының бір топ өкіліне мемлекеттік наградалар табыстады.

Пікір жазу