Кейде Конституциядағы құқықтар мен бостандықтар үлкен мемлекеттік мәселелерге ғана қатысты сияқты көрінуі мүмкін. Алайда олардың маңызы күнделікті жағдайлардан анық байқалады.
Мысалы, білім алу мүмкіндігі – адамның болашағына жол ашатын негізгі факторлардың бірі. Мектепте, колледжде немесе жоғары оқу орнында білім алу арқылы жас ұрпақ өзінің кәсіби жолын қалыптастырады. Сол сияқты медициналық көмекке қол жеткізу, еңбек ету, қауіпсіз ортада өмір сүру, өз пікірін білдіру сияқты мәселелер де адамның күнделікті тұрмысымен тығыз байланысты.
Өзім үшін Конституцияның маңызды тұстарының бірі – адамның қадір-қасиетіне, құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарау қағидаты. Мемлекет пен азамат арасындағы қарым-қатынас та осы түсінікке негізделуі тиіс. Азамат мемлекеттік органға өтініш жасағанда немесе қандай да бір қызмет алған кезде өзінің құқықтары бар екенін білуі керек. Ал мемлекеттік қызметші өз кезегінде азаматқа заң талаптарына сәйкес қызмет көрсетуге міндетті.
Бектібай Арзықұлов,
Ардагерлер кеңесінің төрағасы.
