Otyrar Alqaby
Жаңалықтар

КЕЗЕКТІ АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Жуырда аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төраға­лы­ғы­мен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл округтерінің әкім­дері, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде аудан көлемінде құрылысы жүр­гізіліп жатқан нысандардың жай-күй, аудан бойынша автожолдарды жөндеу, спорт ойын алаңшаларының құрылысы, ауыз су, газдандыру, жарықтандыру, абаттандыру жұмыстарының барысы, Лейшманиоз ауруының алдын алу жұмыстары туралы мәселелер қаралып, атқарылуы тиісті жұмыстар пысықталды.
Көтерілген мәселелер бойын­­­ша аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас­шы­сы М.Есінбек, аудандық тұр­ғын үй коммуналдық шаруашы­лық, жолаушылар көлігі және авто­мо­биль жолдары бөлімінің басшысы С.Нәлібай, Отырар аудандық эпидемиологиялық санитарлық бақылау басқармасының басшысы Е.Рысқұлов баяндама жасады.
Мұнан соң облыс және аудан әкімінің хаттамалық тапсыр­ма­ларының орындалу барысы туралы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бө­лімінің басшысы Мұрәділ Кизбаев хабарлама жасап, жұмыс барысында анықталған бірқатар кемшіліктерді атап өтті.
Мәжіліс қорытындысымен ар­найы хаттама толтырылып, аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы көтерілген мәселелерге байла­нысты тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүк­теп, оның орындалуын қатаң ба­қылауды жауапты сала басшыларына жүктеді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу