Otyrar Alqaby
Жаңалықтар

«Тәуелсіздік белестері»

Бұл күндері тәуелсіздік – тек саяси ұғым ғана емес, ол қазақ халқының мәңгілік арманының, азаттық жолындағы күрестің нәтижесі. Бүгінгі бейбіт күндеріміз бен жасампаздық кезеңіміздің артында қаншама ұлы тұлғалардың, бабаларымыздың күресі жатыр. Сол күрестің арқасында ғана біздер еркін әрі тәуелсіз елде өмір сүріп отырмыз.
Тәуелсіздік – тек мемлекетке ғана емес, әрбір жеке тұлғаға да жауапкершілік жүктейді. Әр азамат өз елінің болашағына жауапты, әрі өз ісімен еліміздің дамуына үлес қосуы тиіс. Тәуелсіздіктің қадірін білу, оны сақтай білу – біздің міндетіміз. Сондықтан, әрбір жас ұрпақ өз елін мақтан тұтып, тәуелсіздікті қорғау­ға, оны нығайтуға бағытталған әрекеттер жасауы қажет. Тек осылайша, біз бабаларымыздың арманына адал болып, елдің тәуелсіздігін мәңгілік сақтай аламыз.
Қазақ халқының тарихы терең, бай әрі күрделі. Тәуелсіздік үшін күрес жылдар бойы жалғасып, сан ғасырлар бойы халқымыз еркіндікке ұмтылып келді. Ата-бабаларымыздың ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан ұлы күресі біздің санамызда сақталып, тәуелсіздік күні олардың арман-мақсаттарына қол жеткізгеніміздің айқын белгісі болып отыр. Сондықтан біз жастарды отансүйгіштікке, елге деген құрмет пен адал қызмет көрсетуге тәрбиелеуіміз керек. Бұл, ең алдымен, оларды халқымыздың тәуелсіздік жолындағы ерліктерін үлгі етіп, бүгінгі күні елімізде өз үлестерін қосуға шақыру болып табылады
Жуырда осы мақсатта менің ұйым­дастыруыммен «Тәуелсіздік белестері» тақырыбында іс-шара өткізіп, жиынға оқушылар, ұстаздар мен мектептің әкімшілік құрамы қатысты.
Оқушылар тәуелсіздігіміз қандай жолмен келгендігін білулері тиіс. Еліміз қандай қиыншылықтан өтті. Қаншама қоғам қайрат­керлері тәуелсіздік алу үшін үлес қосты. Ал енді осы тәуелсіздігімізді әрі қарай тұғырлы ету үшін жастар да аянбаулары тиіс деп ойлаймын.

Гүльвира Бердіқұлқызы Бекболат,
А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Өнеге» сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі.

Пікір жазу