Otyrar Alqaby
Жаңалықтар

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ САПАЛЫ ӘРІ БЕЛГІЛЕНГЕН МЕРЗІМДЕ АЯҚТАЛУЫ ТИІС

Жуырда аудан әкімі Қайрат Жолды­байұлы сала мамандарымен бірге бір­қатар құрылыс нысандарын аралап, жоспарлы жұмыстардың орындалу ба­рысымен та­нысты. Аралау барысында аудандық мәслихат депутаттары Нұржан Орынбасар, Асан Аралбай, Бекзат Төкеев құрылыс нысандарында болып, атқары­лып жатқан жұмыстарды көрді.
Аудан басшысы жөндеу жұмыстарына қатысты жауапты басшылар мен мердігер мекеме өкілдеріне пайдаланылған құры­лыс материалдарының сапасы бойын­ша бірқатар ескертпелерді атап өтіп, ат­­қарылған жұмыстардың нәтижесі қана­ғат­­­тандырарлықсыз жағдайда екенін ес­кертті.
Алдымен Қоғам ауыл округі, Мың­шұңқыр елді мекеніндегі балалар ойын алаң­шасы мен Талапты ауыл округі, Ынталы елді мекеніндегі спорт алаңшасын аралаған аудан әкімі белгіленген мерзімге дейін тиісті жұмыстарды атқару керек­тігін айтып, жауапты сала басшыларына бақылауда ұстап, орындалуын қадағалауды жүктеді.
Сондай-ақ, Шәуілдір ауылындағы ойын алаңшаларын көрген аудан басшысы мер­дігер мекемелердің өкілдеріне жөндеу жұмыстарын сапалы атқаруды және бел­гіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
— Әрбір жүктелген жұмыстарға жауап­кершілікпен және жанашырлықпен қарау керек. Ел игілігі үшін атқарылып жатқан шаралар бақылауда болатынын ескертемін. Бастысы – құрылыс жұмыстары сапалы әрі белгіленген кестеге сәйкес аяқталуы тиіс, — деді аудан әкімі.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу