Қазіргі заманда интернет ресурстары білім беру процесінің ажырамас бөлігіне айналды. Интернет оқытушылар мен оқушыларға шексіз мүмкіндіктер ұсынып, білім беру сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады. Интернет ресурстарының маңызы қазіргі заманда өте зор. Олар қоғамның әртүрлі саласында кеңінен қолданылып, адамдардың өмірін жеңілдетіп, тиімділікті арттырып отыр. Интернет ресурстарының маңыздылығы туралы негізгі аспектілерге: ақпаратқа қолжетімділік, білім беру, коммуникация, бизнес және экономика, мәдениет және ойын-сауық, денсаулық сақтау, кәсіби өсу, тілдік кедергілерді жою секілді аспектілері жатады. Интернет ресурстарының маңызы туралы ой қозғағанда, ең алдымен, ақпарат қолжетімділігі ерекшеленеді. Бұл – қазіргі заманның басты артықшылықтарының бірі. Интернетте білім, ғылым, мәдениет, өнер, спорт, технология, медицина және өзге де салалар бойынша шексіз деректер қоры бар. Кез келген пайдаланушы өзіне қажет ақпаратты бірнеше минут ішінде тауып, пайдалана алады. Интернет арқылы ақпаратқа бір сәтте қол жеткізу мүмкіндігі бар. Мысалы, Google, Yandex сияқты іздеу жүйелері сұраққа бірден жауап береді. Интернет арқылы ақпаратты кез келген уақытта, кез келген жерде алуға болады. Смартфон, компьютер, планшет сияқты құралдардың болуы жеткілікті. Бұл әсіресе шалғайдағы елді мекендерде маңызды рөл атқарады. Интернетте көптеген тілдерде ақпарат бар. Бұл адамдарға басқа елдердің мәдениеті мен ғылымын үйренуге, халықаралық деңгейде білім алуға мүмкіндік береді. Интернет ресурстарының арқасында ақпарат қолжетімділігі артып, білім мен даму мүмкіндігі кеңейіп отыр. Алайда, интернеттегі ақпараттың дұрыстығын тексеру, оның сапасына назар аудару маңызды. Ақпаратты жауапкершілікпен пайдалану – қазіргі қоғамның басты міндеттерінің бірі.
Білім беру платформалары – бұл білім алушылар мен оқытушыларды цифрлық ортада біріктіретін құралдар. Олардың маңызы қазіргі заманғы білім беру жүйесінде ерекше, себебі олар білім беру процесін жеңілдетіп, қолжетімді етеді.
— Білім беру платформалары – Coursera, Khan Academy, Bilimland секілді платформалар арқылы курстар мен сабақтарды ұйымдастыру.
— Видеосабақтар мен вебинарлар – YouTube, Zoom арқылы интерактивті оқыту.
— Цифрлық кітапханалар – ғылыми мақалалар мен кітаптарға онлайн қолжетімділік.
— Әлеуметтік желілер – тақырыптық топтар мен қауымдастықтарда пікір алмасу секілді білім беру платформаларының негізгі маңызын атап өтуге болады.
Интернет ресурстарды пайдалану кезінде келесі қиындықтар туындауы мүмкін: Ақпараттың шектен тыс көптігі. Оның шешімі: тек сенімді және тексерілген дереккөздерді пайдалану.
Техникалық мәселелер. Оның шешімі: алдын ала дайындық және балама ресурстарды жоспарлау.
Интернет ресурстарын оқу процесінде тиімді қолдану білім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл мұғалімдер мен оқушылардың заман талабына сай білім алуына және оны іс жүзінде қолдануына ықпал етеді. Интернет ресурстары адамзаттың күнделікті өміріне үлкен ықпал етіп, білім беру, бизнес, медицина, мәдениет және басқа да салаларда шексіз мүмкіндіктер ұсынып отыр. Дегенмен, оны қауіпсіз және тиімді пайдалану да маңызды, себебі интернетте дезинформация, киберқауіптер сияқты мәселелер бар.
Л.Аймахова,
«Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ информатика пәнінің мұғалімі.