Otyrar Alqaby
БілімМәдениет

Оқуға құштар оқырмандар

Ел Президентінің баста­масы- ­мен бастау алған, қоғам­дық сенім ке­ңесінің төртінші отырысында баланы оқу мәдениетіне баулу, оқу сауаттылығын дамыту үшін Білім және ғылым минис­трлігі «Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт» жо­басын қолға алған болатын. Жүзеге асып келе жатқанына биыл төртінші жыл. Білім мен мәдениет­тің биік белесіне көтерілу үшін бұл жоба аясында Түркістан облысы білім басқармасы «Білім беруді дамыту орталығы» КММ қызықты да тартысты дода «KitapХАН» жобасын ұйымдастырып, биыл Рес­публика көлемінде етек жайғалы отыр.
Осы жоба аясында Отырар өңірінің мектептері белсенділік танытып алда келеді. Ат­ап айтар болсақ, С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектебінің озық ойлы оқырмандары өз нәтижесін көрсет­ті. Мектеп директорының бейіндік істер жө­ніндегі орынбасары Тас­қынбаева Феруза апталық ойыннан I орын атанып, ширек финалда ІІ орын жеңімпазы атанса, мектеп психологы Раманқұлова Гүлбану ата-ана санатында қа­тысып, апта­лық ойынның да, айлық ойынның да жеңімпазы ата­­нып, облыстық ке­­зеңге жолдама алды. Ең жас оқыр­ман ре­тінде қатысқан мектебіміздің 4-сынып оқушысы Нүкі Сезім, сы­­нып жетекшісі — Абилдаева Кү­лайша апталық, айлық ойынның І орын жеңімпазы атанып, жылдық кезеңге жол­дама алды. Қазіргі уақытта оқырмандарымыз кітаптың ханы атануға дайындық үстінде. Жеңімпаз атанған кітап­сүйерлерге арнайы сертификат пен диплом­дар табысталды. «Мазмұндама» және «Отбасы хрестоматиясы» баспа­сынан жарық көрген түрлі қызықты көркем әдебиеттер мен мотивациялық кітаптар және әлем әдебиеттері сыйға берілді.
Осы уақытқа дейін Түркістан облысы аумағындағы барлық мек­теп оқушылары, басшылық құ­­рам, ата — ана, педагогтер бақ сы­найтын өте тиімді кітап оқу са­йысында әр айна­лымда түрлі кітаптар оқылып, таныстырылып, жар­на­ма жаса­лы­нып келеді. Осы арқылы оқушылар мен мұға­­­­лім­­дердің кітапқа деген қызығушылығы жылдан-жылға артып отыр. Яғни, баланың оқуға деген қызығушылығы, қоршаған ортаны кітап арқылы тануы – мектеп қа­бырғасында қалыптасуы керек. Осы мәселені алға тартатын болсақ, менің ойымша «Оқуға құштар мектеп» жо­басы мектеп жасындағы балалардың кітапқа деген құмарлығын арттырумен қатар, танымдық-мәдени дамуына жол ашады. Көркем тілде сөйлеуге, ортада мәдениетті болуға жетелей­ді, баланың сөздік қоры дамиды. Білім мен руха­ни құндылықтарды меңгере отырып, қоғамда табысты және бәсекеге қабілетті болуына тікелей әсер етеді. Халқы­мыз қай ғасырда болмасын ел даналары мен замана тұлғаларының ұлағатты тәрбиесі мен өнегелі сөздерін кі­тап­қа жазып қалдырған. Рухани қазына деп бағалауымыз да сондықтан. Демек, жастардың рухани дүниеге деген көз­қарасы біздің оларға беріп отырған тәлім-тәрбиемізге тікелей байланысты. Жаһандану мен ғаламданудың обыр ағымы және оның қауіпті ықпалы күшейіп тұрғанда, рухани байы­тып сусындататын, көнеріп тозуды білмейтін алтын қазына олардың өмірлік серігіне айналуы тиіс. Ал, кітапты құлшыныспен көп оқыған адамның көкірек көзі әрқашан да ояу, зейіні зерек, жүрісі сергек келеді.
Осы орайда мектеп директоры Әділхан Әріпбеков озық ойлы оқыр­мандарымызға сәттілік тілей отырып, республика көлемінде өте­тін жобада жеңіс тұғырынан көрі­нетініне сенім білдірді.

Жадыра Серікқызы Оразалиева,
С.Әшіров атындағы
жалпы білім беретін мектебінің кітапхана меңгерушісі.

Пікір жазу