Ауданымыздың дамуы — ортақ міндетіміз
Өздеріңіз білетіндей, халық қалаулысы болу – тек заңнамалық бастамалар көтеріп, құжаттарға қол қоюмен шектелмейді. Бұл-елдің мұң-мұқтажын тыңдап, нақты мәселелердің шешіміне ықпал ету, халықтың әл-ауқатын арттыру жолында аянбай еңбек ету деген сөз. Осы мақсатта депутаттық жұмысым барысында ауданымыздағы 13 ауылдық округті аралап, тұрғындармен бетпе-бет кездесіп, оларды толғандыратын мәселелерді талқыладым.«Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің № 704 Жарлығына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының №148 Заңына (бұдан әрі – Заңның) сәйкес, аудандық мәслихаттың төрағасы ретінде мәслихатының 2024 жылғы атқарған жұмыстары мен оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есебін ауыл тұрғындарына баяндадым.
Көрсетілген Заңның талаптарына сәйкес өткен 2024 жылдың қаңтар айында өзімнің бастаған депутаттық топ ауданымыздағы 13 ауылдық округтерді аралап, өздерінің атқарған жұмыстары туралы есептерін баяндаған болатын. Кездесулер барысында ауыл тұрғындары тарапынан көптеген ұсыныстар мен өтініштер айтылып, олардың барлығы хаттамаларға енгізілді.
Ал ағымдағы 2025 жылдың қаңтар айында аудандық мәслихат төрағасы ретінде халық алдындағы екінші кездесуім өтті.
Кездесулер барысында 2024 жылы аудандық мәслихаттың 12 сессиясы өткізілдігін, оның 4-і кезекті, 8-і кезектен тыс сессиялар. Тұрақты комиссиялардың отырыстары 11 мәрте өткізілді. Осы сессияларда жалпы саны 65 мәселе қаралып, оның ішіндегі 6-ы нормативтік-құқықтық актілердің барлығы Әділет департаментінен мемлекеттік тіркеуден өткізілгендігін қысқаша баяндап өттім.
2024 жылы мәслихат сессияларында қаралған мәселелерге қысқаша тоқтап кетер болсақ;
— аудандық бюджетке 4 мәрте және ауылдық округтердің бюджеттеріне 3 мәрте өзгерістер енгізілді және 2025 жылға арналған аудандық бюджет пен ауылдық оркугтердің бюджеттері бекітілді;
— аудан әкімінің есебі, мәслихат төрағасының есебі, мәслихаттың тұрақты комиссияларының есебі, 4 бөлім басшыларының есебтері, 2 ауыл әкімінің есебтері және аудандық бюджет пен ауылдық округтерінің бюджеттерінің атқарылуы туралы есептері тыңдалып, бекітілді.
2024 жылы мәслихат депутаттарының атынан жалпы саны 295 депутаттық сауалдар жолданып, оларға тиісті жауаптары алынды.
Мәслихат төрағасының жеке қабылдаулары әр аптаның сәрсенбі күні болып бекітілген. Алайда келемін деген тұрғындарға әрдайым есігім ашық. Барлық ауыл тұрғындарын аптаның қай күні болсын қабылдап келемін.
2024 жылғы кездесулер барысында айтылған ұсыныстар мен өтініштері бойынша тиісті мекемелерге жалпы саны 59 депутаттық сауалдар мен қосымша хаттар жолданғанын айтылып, олардың орындалуы бойынша нәтижесі хабарланды.
Аудандық бюджеттің қаржысына қарап отырмай, облыстық және республикалық деңгейдегі мекемелерге тікелей өзіміз барып қайтуды жөн көрдік. Облыстық бюджеттен қаржыланатын жобаларымызды тиісті орындарға алып кіріп, оң шешімін тапқан мәселелерге тоқтап кетер болсақ;
Ағын су — ауыл шаруашылығының негізі.
Ауыл шаруашылығы саласының ең маңызды мәселелерінің бірі-ағын су тапшылығы. Бұл мәселені шешу үшін тиісті мекемелермен бірлесіп, каналдардың тазартылуына және насостар орнатылуына ықпал жасадық. Нәтижесінде, ауылдағы шаруалардың егін суғарудағы қиындықтары біршама азайып, өнімділікті арттыруға мүмкіндік алды.
Ағын су мәселесі бойынша «Қазсушар» РМК-ның Түркістан филиалы директорының орынбасары Бақашбаев Жандарбек, филиалдың жоспарлау және қаржылық талдау бөлімінің басшысы Керімбеков Есен, филиалдың пайдалану бөлімінің бас маманы Жанатаев Бекзат, филиалдың Отырар аудандық өндірістік бөлімшесі басшысы Раев Мубарак, кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі басшысы Сыздықов Батырбектің қатысуымен ауданымыздағы каналдарды бірге аралап, нәтижесінде:
Ауданымыздағы 77,95 шақырым ұзындықтағы 17 канал механикалық тазалаудан өткерілді. 2 дана жаңа СНПЭ-500/10 насосы 2 дана трансформаторымен бірге алынды. Бұған қоса 14 дана СНПЭ-500/10 насостарына қосалқы бөлшектері алынып, ауыстырылды.
Елдің болашағы-білімді ұрпақтың қолында
Сондықтан мектептердің жағдайына ерекше назар аударып келеміз. Мектептерді жөндеу, олардың жылу жүйелерінің ескіргендігіне байланысты, тиісті қаражат бөлініп, бірнеше білім ордасы күрделі жөндеуден өтіп, жылыту жүйелері жаңартылды.Нақтырақ айтасақ, Отырар ауылдық округіндегі «Т.Ибрагимов», Балтакөл ауылдық округіндегі «Ы.Алтынсарин» мектептерінің күрделі жөндеу жұмыстарына және Қоғам ауылдық округіндегі «Р.Бердібай», Талапты ауылдық округіндегі «Сарыкөл» мектептерінің жылу жүйесінің құрылысына тиісті қаржылардың бөлінуіне ықпал жасалынды.
Шыбын-шіркейлерге қарсы дезинсекциялық іс-шараларды ерте көктемде жүргізу үшін Түркістан облысы әкімінің орынбасары С.З.Жолдасовқа және облыстық энергетика және тұрғын үй басқармасына арнайы хаттар жолданып, Сайрам ауданындағы шыбын-шіркейлерге қарсы дезинсекциялық дайындық жұмыстарына аудандық мәслихат депутаттары да қатысып, комиссия мүшелігіне ұсынылды.
Әлеуметтік көмек – басты назарда
Тұрмысы төмен отбасылар мен әлеуметтік жағдайы осал азаматтарға көмек көрсету – әрбір азматтың міндеті деп ойлаймын.
Осы орайда;
Жеке қаражатым есебінен және демеушілерді ұйымдастыру арқылы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталар болсам;
«Менің Елім» партиялық жобасы аясында Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының ғимаратындағы ҚР Мемлекеттік рәміздерін жаңарту үшін 500.000 теңге (бес жүз мың) демеушілік жасадым;
— «АМАНАТ» партиясының «Халыққа көмек» жобасы аясында аудан орталығы Шәуілдір ауылынан он отбасыға және қалған он екі ауыл округінің әрбірінен тұрмысы төмен бес отбасыға жетпіс мың теңгеден қаржылық қолдау көрсетіп, жалпы жетпіс отбасыға 4.900.000 (төрт милион тоғыз жүз мың) теңге көмек ұсындым;
— «АМАНАТ» партиясының «Халыққа көмек» жобасы аясында Батыс аймақтағы су басқан аймақтарға көмек ретінде өзімнің және отб
асымның атынан «Ақтөбеге көмек-2024» арнайы қорына 5.400.000 теңге (бес милион) аударылды;
— Аудандағы әлеуметтік аз қамтылған 15 (он бес) отбасыға бір реттік азық-түлік алып беру жұмыстарын тұрақты түрде ұйымдастырып келемін;
— Жаңа жыл қарсаңында 15-ке (он беске) жуық аудандағы еңбек ардагерлерінің, көп балалы аналардың шаңырағына құттықтап барып, сый-сияпат табысталды;
— 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында онға жуық зейнеттегі ұстаздар мен аудандық ауруханада ем алып жатқан отызға жуық нәзік жандыларға (әжелер, қыз-келіншектер) мерекелік көңіл күй сыйлап, сыйлықтар табысталды;
— 8-мамыр күні аудандық мәслихат депутаттары «АМАНАТ» партиясының барлық бастауыш партия ұйымдарының қатысуымен 13 ауылдық округте 30-ға жуық тыл ардагерлеріне құрмет көрсетіп, шаңырақтарына барып сыйлықтар бердік;
— 9 мамыр қарсаңында аудандағы жеті тыл ардагерлеріне сый-сияпаттар жасалынды;
— Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай аудандық орталық кітапханада Ауған соғысы ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеу мақсатында кездесу өткіздік;
— 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында білім ұйымдары ұсынған 180 (жүз сексен) балаға демеушілік жасап, түрлі сый-сияпаттар, ойыншықтар сыйға тартылды;
— 1 қыркүйек-Білім күні қарсаңында «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Баланы мектепке даярлайық» акциясына қатысып, алпыс (60) оқушыны мектеп формасымен және оқу құралдарымен қамтамасыз еттім;
Денсаулық — басты байлық
Ауылдық жерлердегі медициналық қызмет сапасын жақсарту мақсатында Отырар ауданы, Талапты ауылындағы тәулігіне 25 адамды қабылдауға мүмкіндігі бар «Фараб дәрігерлік амбулаториясы» ұжымына демеушілік жасалып, «AMANAT» партиясының «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында DAMAS жедел жәрдем көлігін сыйға тарттым . Бұл көлік шұғыл жағдайларда ауыл тұрғындарына дер кезінде медициналық көмек көрсетуге септігін тигізеді.
— «Тарихы терең туған жер Отырар» атты жазба ақындар айтысының барлық кезеңіне демеушілік жасалып, 300 000 теңге көлемінде демеушілік жасалынды;
Қашанда халықпен біргеміз!
Мен депутат ретінде өзімнің барлық жұмысымды халықтың сұранысы мен мұқтаждықтарына бағыттаймын. Әрбір азаматтың мәселесіне бей-жай қарамай, қолдан келгенше көмек көрсету – мен үшін үлкен жауапкершілік.
Жалпы алғанда депутат ретінде өзімнің сайлауалды бағдарламамның 70 пайызға жуығын жүзеге асырып, халық алдындағы өзіме жүктелген міндеттерімді атқарып келемін.
Қазіргі таңда ағымдағы жылдың қаңтар айындағы өткен кездесулердегі ауыл тұрғындарының тарапынан айтылған ұсыныстар мен өтініштерге сәйкес 59 депутаттық сауалдар мен қосымша хаттар жолданып, олардың барлығы бақылауға алынды.
Алдағы уақытта да ауданымыздың дамуы үшін аянбай еңбек ететініме сенімді болыңыздар!
Бірлігіміз бекем, тірлігіміз берекелі болсын!
У.Ұзақов,
Отырар аудандық мәслихатының төрағасы,
«AMANAT» партиясының Отырар аудандық филалының төрағасы.