Otyrar Alqaby
БілімЖаңалықтарҚоғамМәдениет

АУДАНДА ЖАҢА КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Отырар ауданының 90 жыл­дық мерейтойы аясында аудан­­дық мәдениет сарайында оты­­­­рар­­­лық шығармашыл тұл­­­ға­лардың көшін жалғап келе жатқан есімі елге танымал суретші, ақын, сазгер, ҚР Мәдениет сала­­сының үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Отырар ауданының Құр­­метті азаматы Мәлік Әділхан Табылханұлының «Оты­рар ро­­­­­ман­­тизмі» және «Там­­шы» атты кітап­тарының тұсаукесер рәсімі өтті.
Ав­тор­дың туын­­дыларын тамашалаудан бас­­тау алған бұл кеш­­­тің шымыл­­­ды­­ғын аудан әкімі­нің орын­­ба­сары Тоқ­­­­­сейіт Елекеев пен Қазақстан Жа­зу­­­­­шылар одағы Түр­­­кістан облыс­тық филиа­лы­н­ың төр­­а­­ғасы, ақын Ай­­­­дар Сейдазым құт­­­­­­тықтау сөз­­бен аш­­ып, қос кітап­тың тұс­­ауын кесті. Кеш кейі­­пкері Әділ­­хан Мә­­лік сах­на төріне шы­ғып, көпшілікке сәлем бере келе, өзінің жаңа өлеңін көп­шілікке ұсынды.. Руха­ни кештің қонағы — этно-дизайн­­шы, сазсырнайшы, қобыз­­шы-фарабист, Қазақ­стан Ди­­­з­ай­­­н­ерлер және Сурет­ші­­лер одағының мүше­­сі, Әділ­­­­хан ағамыздың ұста­­зы Кендебай Қарабдалов өзінің ізгі тілегін білдіре келе, Қазақстан Суретшілер одағы Түркістан облыстық филиалы төрағасының арнайы құттықтау хатын тапсырды. Сонымен қатар өлкетанушы Бекжан Бей­сенбай ағамыз бен облыстық «Фараб» ғылыми әмбебап кі­тап­ханасының қызметкері Әс­ел Тұрсынбайқызы авторды жа­­­ңа туындыларының жарық көруі­­мен құттықтап, осы кешті ұйымдастырушыларға ал­­­ғыс­­тарын білдірді. Кеш бары­сында автордың әндері орын­­далып, «Отырар әдебиеті және өнері» бірлестігінің мүше­­лері, жергілікті ақындар Әділ­­хан ағамыздың өлеңдерін жат­­қа оқыды. Сонымен қатар көрер­­мендер кеш иесіне тақы­рып аясында сұрақтар қой­ып, тұщымды жауаптар алды. Рухани кеш аудан өнерпаздарының орын­дауында ақын Серік Сейіт­­­­ман мен сазгер Берік Сек­­­сенбекұлының «Шәуілдір кеші» әнімен аяқталды. Автор «Отырар романтизмі» кітабында қазақ тарихына және ұлттық құндылыққа деген құрметі мен сүйіспеншілігін айқын сез­­дірсе, » Тамшы» кітабында туған жер мен мөлдір махаббат, тұщым­­ды тәлім- тәрбие туралы ой толғаған. жаңа кітаптар өз оқыр­мандарының рухани таным көкжиегін кеңейтуге қызмет ете беретініне сенім білдіреміз.

«Отырар ақпарат».

Пікір жазу