Otyrar Alqaby
БілімЖаңалықтарҚоғамСаясатСпортЭкономика

АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ШӘУІЛДІР АУЫЛЫНДА ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Аудан әкімі Қайрат Жолды­байұлының аудан тұрғындарымен кездесуі аудан орталығы Шәуілдір ауылында өтті. Кездесуде аудан басшысы ағымдағы жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, алда тұрған міндеттерді атап өтті. Биылғы жылы Шәуілдір ауылында да ағымдағы жылы ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда Т.Бозшабаев, Д.Алтын­беков, Н.Оңдасынов, С.Құрман­бек­ов, Қ.Сәтбаев, Бозінген көшелері асфальтталып, ұзындығы 4 шақырым жолға тас төсеу жұмыстары ат­қарыл­ған. Сондай-ақ Қамбаров, Д.Сар­құлов, Ф.Садықбекқызы, Сүлей­­­менов, Нәлібаев, Рүстемов көшелері жарықтандырылып, балалар ойын алаңшасы мен спорт алаңшасы салынды. «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында Шәуілдір ауылындағы 600 орындық мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы да аудан орталығын абаттандыру жұмыс­тары жалғасын тауып, Шәуілдір ауылы, Жаңа мөлтек аудандағы көшелерге, Т.Әубәкіров көше­сінің қиылысы, М.Әжібеков көшесі қиылысы көшелеріне орта жөндеу, Жайлы мектеп маңындағы көшеге асфальт төсеу, аяқ жол салу, жарықтандыру секілді жұмыстар атқарылады деп жоспарлануда. Кездесуде есепті баяндамадан соң ауыл тұрғындары тарапынан ауыл ішіндегі дренаждарды жөндеу, жайылымдық жер беру, жолдарды жөндеу, медициналық көмек алу секілді бірқатар сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар берілді. Аудан басшысы айтылған ұсыныс-пікірлердің барлығы хат­тамаға енгізі­ліп, заң аясында тиісті жұмыстар атқары­латынын ай­тып өтті. Шәуілдір ауылындағы қоры­тынды жиында ауыл ақсақалы Шайырбек Айжарықов аудан көле­мінде атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, ел игілігі жолында қызмет етіп жүрген азаматтарға ақ батасын берді.

«Отырар ақпарат».

Пікір жазу