Президенттің маңызды заң жобаларын қоғамдық талқылауға шығару және азаматтардың цифрлық платформалар арқылы заң шығару процесіне қатысуын кеңейту жөніндегі бастамасы еліміздегі демократиялық реформалардың жаңа кезеңін айқындайды.
Бүгінде азаматтардың рөлі тек сайлау күні дауыс берумен ғана шектелмеуі тиіс. Әрбір қазақстандық заң жобаларын талқылауға қатысып, ұсыныс енгізіп, мемлекеттік саясаттың қалыптасуына өз үлесін қоса алады. Бұл – халықтың жауапкершілігін арттырып қана қоймай, мемлекеттік институттардың ашықтығын күшейтетін маңызды қадам.
Цифрлық технологиялардың дамуы қоғам мен билік арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтереді. Ашықтық пен қолжетімділік мемлекеттік шешімдердің сапасын арттырып, азаматтардың пікірін уақытылы ескеруге мүмкіндік береді.
23 тамыздағы Құрылтай сайлауы – Қазақстандағы қатысушы демократияның дамуына бағытталған маңызды белес. Бұл сайлау арқылы әр азамат елдің болашағын қалыптастыруға нақты үлес қоса алады.
Файзулла Рахматулла,
Ауданның Құрметті азаматы.
