23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы – елдің болашағына бейжай қарамайтын әрбір азамат үшін маңызды саяси науқан. Бұл күні халық өзінің азаматтық ұстанымын білдіріп қана қоймай, Қазақстанның алдағы даму бағытын айқындауға тікелей қатысады.
Бүгінгі таңда мемлекетіміз жаңа реформалар кезеңіне қадам басты. Осы өзгерістердің табысты болуы қоғамның белсенділігі мен азаматтардың жауапкершілігіне байланысты. Сондықтан Құрылтай сайлауы – әрбір қазақстандықтың ел тағдырына қосқан нақты үлесі.
Парламенттің немесе Құрылтайдың тиімділігі оның құрылымымен ғана өлшенбейді. Негізгі көрсеткіш – кәсіби депутаттар, сапалы заң жобалары, тәуелсіз сараптама және қоғам пікірінің ескерілуі. Дәл осы қағидаттар жаңа саяси жүйенің берік негізіне айналуы тиіс.
Құрылтай – халық пен биліктің өзара сеніміне негізделген жаңа қоғамдық келісімнің символы. Сондықтан 23 тамыздағы сайлау – Қазақстанның тұрақты дамуына, демократиялық құндылықтардың нығаюына және Әділетті Қазақстанды құру жолындағы маңызды тарихи қадам болмақ.
Азат Әмірбек.
