Otyrar Alqaby
Жаңалықтар

Құрылтай реформалары – тиімді мемлекеттің кепілі

Жаңартылған Құрылтай мемлекеттік басқарудың сапасын арттыруға бағытталған маңызды саяси жаңғырулардың бірі болып табылады. Бұл өзгерістер ең алдымен заң шығару үдерісін жеделдетіп, мемлекеттік шешімдердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Екіншіден, қоғамның заң шығару процесіне қатысу деңгейі бұрын-соңды болмаған дәрежеде кеңейеді. Азаматтардың ұсыныстары мен сарапшылардың пікірлері заң жобаларын әзірлеудің ажырамас бөлігіне айналады.

Сонымен қатар депутаттардың жеке жауапкершілігі күшейеді. Әрбір халық қалаулысының жұмысы нақты нәтижесі арқылы бағаланып, қоғам алдындағы есептілігі арта түседі.

Цифрлық технологиялар мемлекеттік басқарудың басты тетіктерінің біріне айналып, ашықтық пен жеделдікті қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартып, халықтың билікке деген сенімін нығайтады.

XXI ғасырдағы дамыған мемлекеттердің басты ерекшелігі – азаматтардың мемлекетке деген сенімі. Сондықтан Құрылтай реформалары Қазақстанның саяси жаңғыруына тың серпін беретін маңызды бастама деп бағалауға толық негіз бар.

Шолпан Дүтбаева,

Журналист.

Пікір жазу