Ұлттық құрылтай – елдің бірлігі мен ынтымағын нығайтатын маңызды институт. Онда ұлттық құндылықтарды сақтау, білім беру, жастар тәрбиесі, мәдениетті дамыту сияқты маңызды мәселелер қарастырылады. Құрылтай халықтың үнін билікке жеткізіп, маңызды реформаларды талқылауға мүмкіндік береді. Мұндай жиындар елдің тұрақты дамуына және азаматтардың белсенділігін арттыруға ықпал етеді.
Нұрсұлу Дүйсебай,
Отырар өркениеті газетінің редакторы.
