Қазіргі қоғамда халықтың пікірін ескеру мемлекеттік басқарудың маңызды қағидаларының біріне айналып отыр. Осы тұрғыдан алғанда Ұлттық құрылтай – азаматтардың ұсыныстары мен қоғамдық пікірді мемлекеттік деңгейде талқылайтын маңызды алаң. Мұнда көтерілген мәселелер елдің бүгінгі қажеттілігімен қатар, болашақтағы даму бағытын айқындауға да ықпал етеді.
Құрылтайда айтылған әрбір ұсыныс қоғамдағы нақты сұраныстан туындайды. Білім сапасын арттыру, еңбек адамының мәртебесін көтеру, ауыл-аймақтарды дамыту, жастарға қолдау көрсету және ұлттық бірлікті нығайту секілді бағыттар елдің ұзақ мерзімді дамуы үшін маңызды. Осындай мәселелерді жан-жақты талқылау мемлекеттік шешімдердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Халықтың үні естілетін қоғамда жауапкершілік те жоғары болады. Сондықтан азаматтардың белсенділігі, қоғамдық ұйымдардың ұсыныстары және сарапшылардың пікірі мемлекеттік саясатты жетілдіруге ықпал етеді. Бұл – ашықтық пен әділдік қағидаларын нығайтудың тиімді жолдарының бірі.
Ұлттық құрылтайдың басты құндылығы – әртүрлі көзқарасты тоғыстырып, ортақ шешімге келуге жағдай жасауы. Елдің тұрақты дамуы үшін қоғамның барлық тобы бір мақсатқа жұмылып, ортақ мүдде жолында еңбек етуі қажет. Осындай бірлік пен өзара сенім Қазақстанның жаңа даму кезеңіне сенімді қадам жасауына негіз болады.
Сейітқасым Шотыбаев,
редакция қызметкері.
